Бокс

Әбілхан Аманқұл - іріктеу турнирінің күміс жүлдегері

news-banner7
mobile-news-top

Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирінің финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әбілхан Аманқұл ақтық сында сүрінді.

Отандасымыз финалдық кездесуде Филиппин спортшысы Эумир Марсьяльға есе жіберді.

Айта кетейік, Әбілханның қоржынында Токио Олимпиадасының жолдамасы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер