Бокс

Олимпиадаға іріктеу: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға неге шықпағанын түсіндірді

Олимпиадаға іріктеу: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға неге шықпағанын түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалына не үшін шығудан бас тартқаны белгілі болды.

Ұлттық құраманың капитаны 91 келіден жоғары салмақта 1/2 финалға өтіп, Олимпиада жолдамасын иемденген болатын. Ол аустралиялық Джастин Ханиге қарсы жартылай финалдық жекпе-жек алдында білегін жарақаттап алғандықтан жарысты жалғастырудан бас тартты.

– Аллаға шүкір, мақсатыма бір табан жақындап, Олимпиада ойындарының лицензиясы бұйырды! Осы жеңісіме себепші барша жандарға алғысым шексіз! Жарақатыма байланысты жарыс жолын жалғастырмадым. Ең бастысы лицензия бар. Енді екі есе еңбек етіп ,Олимпиада ойындарына дайындалып, ел үмітін ақтауға бар күш жігерімізді саламыз. Қалған жігіттерге ақтық сында сәттілік!, - деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Олимпиада іріктеу турнирінде жеті боксшымыз Олимпиада жолдамасын жеңіп алған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер