Бокс

Қазақстандық нокаутердің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық нокаутердің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой рингте бірде-бір жеңіліске ұшырамаған екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Арман Рысбектің (7-0, 6КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы нокаутер рингке 25 наурыз күні Алматы циркінде өтетін бокс кешінде шықпақ. Оның қарсыласының аты кейінірек белгілі болады.

Арман мұның алдындағы кездесуін де Алматыда өткізді. Өткен жылы, 26 қазанда ол Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өзбек былғары қолғап шебері Мұхитдин Раджапбаевты (10-7-1, 7 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Фото instagram.com/kazproboxing

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер