Бокс

Қазақстандық боксшылар Аммандағы олимпиадалық іріктеу турнирінің финалында кімдермен кездеседі

Қазақстандық боксшылар Аммандағы олимпиадалық іріктеу турнирінің финалында кімдермен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

11 наурызда Иордания астанасы Амман қаласында бокстан Олимпиадалық іріктеу турнирінің финалдық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төрт қазақстандық былғары қолғап шебері Закир Сафиуллин, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдаулетов және Василий Левит жарыстың жеңімпаздары атану үшін барын салады. Боксшыларымыз Токио Олимпиадасының жолдамаларына ие болды.

Закир Сафиуллинге әлем чемпионатының қола жүлдегері (2015) мен Азия чемпионы (2017) өзбек боксшысы Эльнур Абдураимов қарсылас атанса, Әбілхан Аманқұл әлемнің вице-чемпионы (2019) және Азия чемпионатының күміс медаль иегері филиппиндік Эумир Марсьяльмен шеберлік байқасады.

63 келіге дейін

Закир Сафиуллин (Қазақстан) - Эльнур Абдураимов (Өзбекстан)

75 келіге дейін

Эумир Марсьяль (Филиппин) - Әбілхан Аманқұл (Қазақстан)

81 келіге дейін

Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан) - Пауло Аокусо (Австралия)

91 келіге дейін

Василий Левит (Қазақстан) - Дэвид Ника (Жаңа Зеландия)

Фото: Данияр Майлыбаев, kfb.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер