Әлем футболы

Роналду төрт баласымен Италияны тастап шықты

Роналду төрт баласымен Италияны тастап шықты
news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Италиядан Португалияға ұшып кетті. Футболшы қазір отбасымен 3 наурызда инсульт алған анасына жанында, деп хабарлайды Prosports.kz.

Jornal Madeira басылымының хабарлауынша, 35 жастағы Криштиану Роналду жеке ұшағымен Португалияға ұшып кеткен. Ойыншымен бірге оның төрт баласы да оралды.

Еске сала кетелік, Криштиану Роналду 9 наурызда мансабындағы 1000-ншы матчын өткізді. Бұл ойында «Ювентус» өз алаңында Миланның «Интер» командасын жеңді - 2:0.

Португалиялық қазіргі жұмыс орнынан басқа «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал» клубтарында ойнаған. Криштиану Роналду 1000 матчта 725 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер