Бокс

Олимпиадаға іріктеу: Бекзат Нұрдәулетов финалға өтті

Олимпиадаға іріктеу: Бекзат Нұрдәулетов финалға өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Иорданияда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына шықты.

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов іріктеу кезеңінде мықтылығын дәлелдеп, 81 килода жергілікті боксшы Одаи Алхиндавиді жеңу арқылы финалға шықты.

Осылайша бүгін Закир Сафиуллин, Василий Левит, Әбілхан Аманқұл мен Бекзат Нұрдәулетов Олимпиадаға іріктеу турнирінің шешуші кезеңіне дейін жетті.

Естеріңізге сала кетейік, қазірдің өзінде Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз Олимпиада жолдамасы бар. Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдаулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қонқабаев және Надежда Рябец Токио Олимпиадасының лицензиясын иемденді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер