Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиадаға іріктеу турнирінің 1/2 финалына шықпайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалын шығудан бас тартты.
Ұлттық құраманың капитаны 91 келіден жоғары салмақта 1/2 финалға өтіп, Олимпиада жолдамасын иемденген болатын. Ол аустралиялық Джастин Ханиге қарсы жартылай финалдық жекпе-жек алдында жарыстан шығып қалды.
Айта кетейік, бүгін Закир Сафиуллин мен Василий Левит финалға шықса, Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда сүрінді.