Бокс

Серік Теміржанов: Жеңісімді халықыма арнаймын

Серік Теміржанов: Жеңісімді халықыма арнаймын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Токио Олимпиадасына жолдама алды. Ол Амманда өтіп жатқан іріктеу турнирінде 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты. Серік Теміржанов жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті.

"Жеңіске жетіп, жолдама иегері атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл жеңісті халқыма арнаймын. Мен енді мұнымен тоқтап қалмаймын, келесі кездесулерге дайындаламын. Осы турнирдің жеңімпазы атану үшін техника мен тактикалық тұрғыда әлі де дайындықты үдету керек. Жартылай финалда әлем чемпионымен кездесемін. Бірінші қарсыласым Ирак спортшысы болды. Екінші қарсыласым Иран боксшысы еді. ол менен кішкентай болса да, әлдеқайда мықты екенін байқатты", дейді Теміржанов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер