Әлем футболы

«Севилья» — «Рома» матчы көрерменсіз өтеді

«Севилья» — «Рома» матчы көрерменсіз өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Лигасының 1/8 финалы аясындағы «Севилья» — «Рома» матчы көрерменсіз өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұған себеп коронавирустың таралу қаупі болып отыр. Бәріміз білетіндей бұл індет қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отыр.

Айта кетейік, «Севилья» — «Рома» матчы 12 наурызда Испаниядағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өтеді.

Бұған дейін Италия ұлттық олимпиада комитеті індетке байланысты барлық спорттық турнирлерді 3 сәуірге дейін тоқтатқан болатын.

Сонымен қатар, Еуропа Лигасының 1/8 финалы аясындағы «Олимпиакос» — «Вулверхэмптон» матч мен Чемпиондар лигасы аясындағы «ПСЖ» — «Боруссия» кездесуі де жанкүйерлердің қолдауынсыз өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер