Футбол

Зайнутдинов «Ростовтың» құрамында ЦСКА-ны жеңді

Зайнутдинов «Ростовтың» құрамында ЦСКА-ны жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Ресей біріншілігінің 21-турында «Ростов» мәскеулік ЦСКА-ны 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Ростов» сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов толық 90 минут ойнап, бір сары қағаз алды.

«Ростов» сапынан Роман Еременко, Ивелин Попов және Павел Мамаев мергендіктерімен көзге түсті. ЦСКА сапынан Арнор Сигурдссон гол соқты. Олардың екінші голын алаң иелері сапынан Осипенко өз қақпасына салды.
ЦСКА ойынның 52 минутында алаңда тоғыз ойыншымен қалды. Ильзат Ахметов пен Вадим Карпов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер