Бокс

Надежда Рябец Олимпиадада бақ сынайды

Надежда Рябец Олимпиадада бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец (75 келіге дейін) Олимпиадалық іріктеу турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда оның қарсыласы Вьетнам өкілі Тие Хуон Нгуен болды. Жекпе-жек аяқталған соң төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, Надежданы жеңімпаз деп таныды.

Осылайша, Надежда Рябец әйелдер боксынан 2020 жылғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан жалғыз лицензияны жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер