Бокс

Қазақстандық боксшылар Финляндиядағы турнирде алты медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Финляндиядағы турнирде алты медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Хельсинкиде бокстан 39-шы халықаралық GeeBee Boxing Tournament турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның төрт боксшысы жарыстың финалына шықты. Алайда, алтын медальға 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сағындық Тоғамбай қол жеткізді. Ол финалда украиналық Роберт Мартоннан басым түсті.

Үш қазақстандық боксшы ақтық жекпе-жектерінде жеңіліп қалды. Хельсинки турнирінің күміс жүлдегерлері: Қайрат Ералиев (57 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (69 келіге дейін) және Нұрлан Сапарбай (91 келіден жоғары).

Естеріңізге сала кетейік, жартылай финалдың нәтижелері бойынша қазақстандықтар Ділмұрат Мижитов (63 келіге дейін) мен Бек Нұрмағанбет (81 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

Осылайша, турнир қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар бір алтын, үш күміс және екі қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте үшінші орынды иемденді. Төрт алтын медальды еншілеген Ресей құрамасы жарыстың жеңімпазы атанды.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер