Манчестер дербиі «МЮ» пайдасына аяқталды
![Манчестер дербиі «МЮ» пайдасына аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content/203991_85413ea3a39d373e10d7280ab5020ec8.jpg?v=28656262)
Ағылшын чемпионатының 29-турында «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Олд Траффордтағы» ойын «МЮ» пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Матчтағы алғашқы голды 30-минутта Антони Марьсяль соқты. Ал төреші қосқан қосымша минуттарда Скотт Мактоминей есепте еселеп, матч нүктесін қойды.
АПЛ. 29-тур
«Манчестер Юнайтед» - «Манчестер Сити» 2:0
Гол соққандар: Марсьяль, 30 (1:0), Мактоминей, 90+7 (2:0)