Бокс

Валентина Хальзова Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіліс тапты

Валентина Хальзова Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан командасының тағы бір мүшесі жарысты аяқтады.

69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Валентина Хальзова ширек финалда сүрінді. Қазақстандық спортшы қытайлық Хон Гудан ұтылды.

Бірінші раундта қытайлық боксшы 3:2 есебімен алда тұрса, екінші раундта 4:1 көрсеткішімен басымдық алды.

Ал соңғы раунд тағы да қарсыластың пайдасына шешіліп, Хальзова Олимпиаданың жолдамасынан қағылды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер командасы сапында жолдамаға таласатын жалғыз боксшы қалды. Ол 75 келіге дейінгі салмақтағы Надежда Рябец.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер