Бокс

Төрт қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің финалына шықты

Төрт қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Финляндиядағы Gee Bee халықаралық турнирінің финалына төрт қазақстандық боксшы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК-қа сілтеме жасап.

91 келіден жоғары салмақта Нұрлан Сапарбай финдік Данил Рантаненді жеңіп, енді алтын жүлдеге таласады. 91 келіге дейінгі салмақта Тоғамбай Сағындық ресейлік Иван Сагайдакты, 69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов финалда Айдын Бехрузді жеңді. 57 келіде Джордан Родригесті жеңген тағы бір қазақстандық Қайрат Ералиев финалға шықты.

Айта кетелік, Бек Нұрмағанбет (81 келіге дейін) пен Ділмұрат Мижитов (63 келіге дейін) турнирдің қола медаліне ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер