Әлем футболы

Роналдиньо Парагвайда тағы да қамауға алынды

Роналдиньо Парагвайда тағы да қамауға алынды
news-banner7
mobile-news-top

Бұрынғы бразилиялық жартылай қорғаушы, «Алтын доп» иегері Роналдиньо бас прокурордың бұйрығымен Асунсьондағы қонақүйде ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, Роналдиньо мен оның ағасы Роберто де Ассис Морейра Асунсьон әуежайында жалған төлқұжаттарды ұсынған. 5 наурызда Парагвайдың бас прокуроры бразилиялықты қамауға алуға санкция берді, бірақ келесі күні экс-футболшы қамаудан босатылды. Алайда бірнеше сағаттан кейін Роналдиньо Бас прокурордың өтініші бойынша тағы да қамауға алынды. Қазіргі уақытта ағайындылар учаскеде отыр және бүгін, 7 наурызда олар сот отырысына шақырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер