Бокс

Қазақстандық боксшылар Финляндиядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшылар Финляндиядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Хельсинкиде (Финляндия) бокстан Gee Bee халықаралық турнирі басталды. Қазақстандық боксшылардың бәрі жарыстың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен, 63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ділмұрат Мижитов франциялық Уго Грауды жеңді. 91 келі салмақта Тоғамбай Сағындық Виктор Олсоннан (Швеция) басым түсті. 57 келі салмақта Қайрат Ералиев армениялық Артур Газаряннан айласын асырса, 69 келі салмақтағы Асланбек Шымбергенов моңғолиялық Баярху Ганбаатарды ұтты. 81 келі салмақ дәрежесінде Бек Нұрмағанбет қарсыласы нидерландтық Ник Денуерден басым түсті. +91 келі салмақта Нұрлан Сапарбай сербиялық қарсыласы Сергей Калчугинді жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер