Теннис

Александр Бублик Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан қоржынына алғашқы ұпайды салды

Александр Бублик Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан қоржынына алғашқы ұпайды салды
news-banner7
mobile-news-top

Александр Бублик Дэвис кубогы іріктеу кезеңінде Қазақстан - Нидерланды арасындағы екінші матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші голландиялық Таллон Грикспурды екі сетте 7:6 (4), 7:6 (4) есебімен жеңді. Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы өз еншілеріне алғашқы ұпайларын жазды және кездесудегі есеп 1:1 болды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Михаил Кукушкин Робин Хаседен 4:6, 7:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер