Бокс

Әбілхан Аманқұл: Менің мақсатым - іріктеу турнирінен алтынмен оралу

Әбілхан Аманқұл: Менің мақсатым - іріктеу турнирінен алтынмен оралу
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұл іріктеу турнирінің алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтап, шағын сұхбат берді.

Спортшы жарақатынан кейін толық қалпына келгенін айтады.

"Оңтүстік Корея спортшысына қарсы өткізген алғашқы жекпе-жек жаман болған жоқ. Бапкерлердің ақыл-кеңесін тыңдап, ойдағыдай жұдырықтасып шықтым. Ендігі қарсыласым - өзбекстандық боксшы Фанат Қахрмонов. Сол кездесуге тыңғылықты дайындаламын. Ал жарақатыма келер болсам, шүкір, қазір бәрі жақсы. Менің мақсатым - Олимпиадаға лицензия алып, іріктеу турнирінен елге алтынмен оралу", - дейді Әбілхан.

Әбілхан Аманқұл Амманда өтіп жатқан құрлықтық іріктеу кезеңінің бірінші кездесуінде Оңтүстік Корея боксшысын 5:0 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер