«Барыс» қонақта «Металлургті» жеңді
![«Барыс» қонақта «Металлургті» жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content/203991_e3340d3ea03b9683f2d43272de904687.jpg?v=28663609)
Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі үшінші матчта елордалық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлургін» жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Алғашқы екі ойын Нұр-Сұлтанда өтіп, екі команда бір жеңістен еншілеріне жазған еді. Магнитогорсктегі үшінші кездесу овертаймға дейін жалғасып, Линус Виделль соққан шайбының арқасында қазақстандық команда жеңіске жетті.
Командалар арасындағы төртінші ойын 7 наурызда Магнитогорск қаласында өтеді.
«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 1:2 ОТ (0:0, 0:0, 1:1, 0:1)
Сериядағы есеп: 1:2
Шайбы соққандар:
1:0 — 46:12 Мозякин (Козун, Локтионов)
1:1 — 48:47 Диц (Виделль)
Қақпашылар: Кошечкин — Паскуале