Әлем футболы

«Пари Сен-Жермен» Мбаппеге рекордты келісімшарт ұсынбақ

«Пари Сен-Жермен» Мбаппеге рекордты келісімшарт ұсынбақ
news-banner7
mobile-news-top

«Пари Сен-Жермен» клубы шабуылшы Килиан Мбаппенің келісімшартын 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына дейін ұзартпақ, деп хабарлайды Paris United.

Команда президенті Насер Аль-Хелайфидің айтуынша 21 жастағы франциялық футболшы ешқандай клубқа сатылмайтын жалғыз ойыншы болып қалмақ. Барлық қалған ойыншылар клубтан кез келген сәтте кете алады. Еуропаның ірі командаларының, оның ішінде «Реалдың» Мбаппенің төңірегінде жүргендермен үнемі байланыста болуынан сескенген ПСЖ ойыншыға клубта бұрын ешкімге төленбеген жалақысы бар келісімшарт ұсынуға ниетті.

Мбаппенің биылғы ойыны да таң қалдырарлық нәтижелі болып жатыр. Ол барлық турнирде 32 ойынға қатысып, 30 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді. Оның париждіктермен қазіргі келісімі 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер