Румыния құрамасының бұрынғы ойыншысы «Қызыл-Жарға» ауысты

Румыния құрамасының бұрынғы ойыншысы «Қызыл-Жарға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Петропавлдық «Қызыл-Жар CК» Румыния құрамасының бұрынғы ойыншысы Габриэл Энакемен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

29 жастағы жартылай қорғаушы мансабында өз елінің «Мовени», «Астра», «Стяуа» командаларында және сербиялық «Партизан» сапында доп тепкен. 2018 жылы футболшы ресейлік «Рубин» командасына ауысты. Әрі қазандық клуб сапында 5 кездесуге қатысты.

Габриэлдің соңғы клубы румыниялық «Астра» болды. Бұл клуб сапында футболшы 146 матч өткізіп, 17 гол соққан және 20 нәтижелі пас берген. Ал Румыния ұлттық құрамасында 5 матч өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер