Іріктеу турнир: Дәметкен Келімбет жарысты аяқтады
![Іріктеу турнир: Дәметкен Келімбет жарысты аяқтады](https://prosports.kz/upload/news/content/203991_f8577c45bb0162eee509334b51769b53.jpg?v=28656448)
Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі басталды.
Өкінішке қарай, әйелдер арасында 57 келіде сынға түскен Дәметкен Келімбет қытайлық қарсыласынан 0:5 есебімен ұтылды. Осылайша, Ерік Алғабек шәкірті жолдама үшін таласты тоқтатты.
Бүгін 60 келідегі әлем чемпионатының жүлдегері Римма Волосенко сынға түседі.