Командалық

Қазақстандық команда волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатына қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболден ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті.

Нәтижесінде алматылық «Буревестник» клубының қарсыластары анықталды. Қазақстандықтар Жапония, Қытайлық Тайпей және Филиппин командаларымен бірге С тобына түсті.

18 сәуір күні «Буревестник» клубы Қытайлық Тайпейден келген қарсыластарымен ойнайды. Аталған команда өз елінің чемпионатында алтыншы орын иеленген. 19 сәуірде алматылықтар Жапония біріншілігінің күміс жүлдегеріне қарсы ойнаса, топтағы соңғы матчта филиппиндіктермен кездеседі.

Турнир соңғы 20 жылдан бері алғаш рет Таиландта өткелі отыр. Жарыс 18-25 сәуір аралығына жоспарланған.

Клубтар арасындағы Азия чемпионаты:

А тобы: Таиланд, Австралия, Гонконг;

В тобы: Иран, Вьетнам, Таиланд-2, Оңтүстік Корея;

С тобы: Қазақстан, Жапония, Қытайлық Тайпей, Филиппин;

Д тобы: Катар, Шри-Ланка, Қытай, Өзбекстан.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер