Бокстан құрлықтық іріктеу турнирі: Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі
![Бокстан құрлықтық іріктеу турнирі: Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі](https://prosports.kz/upload/news/content/201131_4235882286cbdda5f6907406b49fa50a.jpg?v=28656487)
Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия/Мұхит елдері аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды.
Шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
4 наурыз күні Қазақстан әйелдер командасының екі өкілі жұдырықтасады. 57 келідегі Дәметкен Келімбет қытайлық Инь Юнхуамен кездессе, 60 келідегі Римма Волосенко үндістандық Бац Симранжит Каурмен қолғап түйістіреді.
Кешкі сессия жекпе-жектері Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады. Қазақстан ерлер командасы іріктеу турнирін 5 наурызда бастайды.