Футбол

Жуковтің командасы сырт алаңда жеңіске жетті

Жуковтің командасы сырт алаңда жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Польша Премьер-лигасының 25-туры аясында «Краковия» мен «Висла» арасында матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде құрамында қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуков доп тебетін қонақтар жеңіске жетті. Есеп - 0:2.

Бірінші тайм голсыз аяқталғанымен, екінші таймда қонақтар жауапсыз екі гол соқты. Гол авторлары - Якуб Бласчыковски мен Гетберт.

Жуков ойынға негізгі құрамда шығып, толық 90 минут өнер көрсетті.

«Висла» осы жеңісінен кейін чемпионаттың 13-ші сатысына жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер