Әлем футболы

Коронавирус. Италия кубогының жартылай финалдық матчы кейінге шегерілді.

Коронавирус. Италия кубогының жартылай финалдық матчы кейінге шегерілді.
news-banner7
mobile-news-top

Италия кубогының 1/2 финалында ойнайтын «Ювентус» пен «Милан» командалары арасындағы екінші матч коронавирустың таралу қаупіне байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz La Gazzetta dello Sport порталына сілтеме жасап.

Ойын төртінші наурызға жоспарланған. Бұған дейін кездесу көрермендерсіз өтуі мүмкін деп хабарланған болатын. Матчтың өтетін күні кейінірек жарияланады.

Еске салайық, алғашқы матчта екі команда тең түсті - 1: 1. Италия Кубогының ширек финалында «Ювентус» «Романы» 3:1 есебімен жеңді, ал Милан «Торинодан» басым түсті . Жартылай финалда «Наполи» мен «Интер» командалары да жұп құрады.

Италия Кубогының қазіргі иесі - римдік «Лацио». Кубоктар саны бойынша көшбасшы - «Ювентус», олар 13 рет жеңімпаз атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер