Әлімханұлы америкалық боксшымен спарринг өткізді
![Әлімханұлы америкалық боксшымен спарринг өткізді](https://prosports.kz/upload/news/content/201736_3cc38f0a733d4315753c87570b47dfe8.jpg?v=28666877)
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Дайындық аясында Жәнібек WBC Continental Americas және NABA белдіктерінің бұрынғы үміткері Рональд Эллиспен (17-1-2, 11 KO) спарринг өткізді.
Бұл туралы қазақстандықтың жаттықтырушысы Джеймс «Бадди» Макгирт инстаграм желісінде мәлімдеді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы келесі кездесуін 28 наурызда Квебекте (Канада) өткізеді. Қарсыласы әлі ресми жарияланған жоқ.