Қысқы

Галышева Ресейде өтетін әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетпейді

Галышева Ресейде өтетін әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетпейді
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының лидері Юлия Галышева 7 және 8 наурызда Красноярскіде (Ресей) өтетін әлем кубогына қатыса алмайд, деп хабарлайды Prosports.kz.

Галышева Ресейге Қазақстан құрамасымен бірге аттанған жоқ.

Бұған спортшының 1 наурыз күні Алматыда өткен әлем кубогының алдындағы жаттығу кезінде алған жарақаты себеп болып отыр.

Галышеваның 13-15 наурызда Швецияның Идре Фьелл қаласында өтетін әлем Кубогының финалдық кезеңіне қатысу-қатыспауы екіталай. Тіпті қазақстандық спортшы үшін маусым аяқталған болуы да мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер