Әлем футболы

Моуриньоның «Тоттенхэмі» үшінші матч қатарынан жеңіліс құшты

Моуриньоның «Тоттенхэмі» үшінші матч қатарынан жеңіліс құшты
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын премьер-лигасының 28-турында «Тоттенхэм» өз алаңында «Вулверхэмптонға» есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен Нуну Эшпируту Санту командасының пайдасына аяқталды. «Тоттенхэм» матч барысында екі мәрте есепте алға шыққанымен, қонақтар таразы басын теңестірі отырды. 73-ші минутта Рауль Хименес соққан голдың арқасында «Вулверхэмптон» жеңісті жұлып алды.

Чемпиондар лигасындағы «Лейпцигке» қарсы матчтағы жеңілісті қосқанда, Жозе Моуриньо командасы үшінші ойын қатарынан қарсыластарынан жеңіліп келеді. Лондондық команда АПЛ кестесінде жетінші сатыға сырғыды. «Вулверхэмптон» «Тоттенхэмді» екі ұпайға озып, алтыншы орынға көтерілді.

«Тоттенхэм» - «Вулверхэмптон» - 2:3

Гол соққандар: Бергвейн, 13 (1:0), Догерти, 27 (1:1), Орье, 45+1 (2:1), Жота, 57 (2:2), Хименес, 73 (2:3)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер