Astana Pro Team Бельгиядағы велокөпкүндікке қатысатын құрамын жариялады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызAstana Pro Team командасы 1 наурыз, жексенбіде Бельгияда өтетін жоғары санатты «Кюрне-Брюссель-Кюрне» классикалық жарысына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Команданың құрамы: Алекс Аранбуру, Жандос Бижігітов, Дмитрий Груздев, Лауренс Де Вриз, Фабио Феллине, Уго Уль және Дэвид Мартинелли.
Жарыстағы спорт директорлары: Стефано Занини және Бруно Чениальта. «Кюрне - Брюссель - Кюрне» - Бельгия жолдарында өтетін бір күндік веложарыс. Ақпанның соңғы жексенбісінде немесе наурыздың бірінші жексенбісінде Омлоп Хет Ниавсбладтан кейін өткізіледі. 2005 жылдан бастап UCI Europe Tour күнтізбесіне кірді және 1.HC санатына ие.