Әлем футболы

Футболдан Швейцария чемпионаты коронавирус салдарынан тоқтатылды

Футболдан Швейцария чемпионаты коронавирус салдарынан тоқтатылды
news-banner7
mobile-news-top

Швейцария чемпионатының баспасөз қызметі 24-турдың барлық ойындары коронавирустың таралу қаупіне байланысты тоқтатылғанын хабарлады деп жазады Prosports.kz.

15 наурызға дейін елде мыңнан астам адамның қатысуымен мемлекеттік және жеке шараларды өткізуге тыйым салынады.

Қазіргі уақытта Швейцария чемпионатында «Санкт-Галлен» командасы 23 турдан кейін бірінші орында, елдің қазіргі чемпионы «Янг Бойз» - екінші орынға жайғасқан. Үшінші орында «Базель» тұр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер