Қысқы

Жанбота Алдабергенова: Ел намысын абыроймен қорғағаныма қуаныштымын

Жанбота Алдабергенова: Ел намысын абыроймен қорғағаныма қуаныштымын
news-banner7
mobile-news-top

Шаңғы акробатикасынан әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері қазақстандық Жанбота Алдабергенова Olympic.kz сайтына жарыстан кейінгі әсерімен бөлісіп, қолдау білдірген барша жанкүйерге алғысын айтты.

«Бүгін Алматыда өтіп жатқан әлемдік додада сәтті өнер көрсеткеніме қөте қуаныштымын. Маған қолдау білдірген барша жанкүейерге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Ел намысын абыроймен қорғадым деп ойлаймын.

Жалпы, "Ой Қарағай" таулы курортында алғаш рет өнер көрсетіп отырмыз. Ауа райы да бізге тосынсый дайындап қойыпты. Себебі, жарыс басталғанда жан-жақтың бәрі мұз болды. Осы уақытқа дейін күн жылы болып, кейін суытқанда мұз қатқан. Одан кейін күн шыға бастап еді, артынша тұманданып, қар жауды.

Десе де, құбылмалы ауа райы маған кедергі бола алған жоқ», - дейді Жанбота Алдабергенова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер