Қысқы

Жанбота Алдабергенова әлем кубогында қола жүлдегер атанды

Жанбота Алдабергенова әлем кубогында қола жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыдағы "Ой Қарағай" таулы курортында өтіп жатқан шаңғы акробатикасынан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Қазақстан командасының мүшесі Жанбота Алдабергенова жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізді.

Ол украиналық Надежда Махнатская мен америкалық Меган Никке ғана есе жіберген.

Айта кетелік, бұл Жанботаның спорттық мансабындағы үздік нәтижелердің бірі.

Алдабергенова бұған дейін Сочи және Пхенчхан Олимпиадаларына қатысқан болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер