Әлем футболы

«Ливерпуль» қақпашысы Еуропадағы үздік бразилиялық футболшы атанды

«Ливерпуль» қақпашысы Еуропадағы үздік бразилиялық  футболшы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон 2019 жыл қорытындысы бойынша «Алтын Самба» сыйлығын алды, деп хабарлайды Prosports.kz ағылшын командасының Twitter желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 27 жастағы футболшы тарихта осы марапатты жеңіп алған алғашқы қақпашы атанды.

«Алтын Самба» - 2008 жылдан бері Sambafoot сайтының Еуропада ойнаған ең жақсы бразилиялық ойыншыға беретін марапаты. Бұған дейін бұл наградаға Неймар, Коутиньо, Тиаго Силва және басқалар ие болған.

Өткен маусымда Алиссон Ливерпульмен бірге Чемпиондар лигасын (2018/19), УЕФА Суперкубогын (2019) және командамен бірге клубтар арасындағы әлем кубогын (2019) жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер