Әлем футболы

ФИФА трансферлер жүйесіне өзгеріс енгізбек

ФИФА трансферлер жүйесіне өзгеріс енгізбек
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 27 ақпанда Цюрихте ФИФА футбол комитетінің отырысы өтті, онда ұйым мүшелері, ойыншылар, сонымен қатар клубтар мен лигалардың өкілдері бірнеше мәселе қарады.

Отырыстың басты тақырыптарының бірі трансферлер жүйесіндегі өзгерістер болды. Ұйым 2020 жылдың шілдесінде 22 жастан асқан футболшылармен жалдау келісімшарттарының санын шектейтін жаңа ережелер қабылдағысы келеді.

ФИФА өтпелі кезеңді бекітуді ұсынады. 2020/2021 маусымынан бастап командаларға ең көбі сегіз трансферлік келісімдер жасауға рұқсат етіледі. 2022/2023 маусым кампаниясы басталғанда, мұндай келісімдер санын алтыға дейін қысқарту жоспарланған. Сонымен бірге екі клуб бір-бірінен ең көбі үш ойыншыны ғана жалға ала алады.

ФИФА комитеті сонымен бірге ресми ішкі матчтар басқа елде өткізілмеуі керек деген қағиданы бекітті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер