Басқа

Каратеден лицензиялық турнирге кімдер қатысады

Каратеден лицензиялық турнирге кімдер қатысады
news-banner7
mobile-news-top

19 қазақстандық каратэші Зальцбергте (Австрия) өтетін лицензиялық Karate 1 Премьер-лигасы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. 88 елден келген 625 спортшы турнирге қатысады.

Аталған турнирде Қазақстан атынан 10 ер және 9 әйел каратэші бақ сынайды.

Ерлер:

60 келі: Дархан Асаділов, Қайсар Алпысбай, Еркінбек Байтөреев

67 келі: Дидар Әмірәли, Асылбек Мұратов, Мұса Бексұлтан

75 келі: Ермек Айназаров, Руслан Есмаханбет

84 келі: Данияр Юлдашев, Игорь Чихмарев

Әйелдер:

50 келі: Мөлдір Жаңбырбай

55 келі: Сабина Захарова, Әсел Серікова, Гүлмира Үсенова, Аружан Мұхтар

61 келі: Әсел Қанай, Мадина Өтелбаева

68 келі: Гузалия Ғафурова 68 келіден жоғары: София Бергульцева

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер