Қысқы

Анастасия Городко Еуропа кубогының чемпионы атанды

Анастасия Городко Еуропа кубогының чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-могулдан Қазақстан жасөспірімдер командасының мүшесі Анастасия Городко Еуропа кубогында топ жарды.

Еуропа кубогы кезеңдерінде бірнеше рет топ жарған Анастасия турнирдің жалпы есебінде бірінші орыннан көрінді. Қазақстандық спортшы 1450 ұпай жинап, қарсыластарынан қара үзіп кетті.

Екінші орында 750 ұпай жинаған нидерландтық Жанеке Бергхуис, үшінші орында франциялық Фантин Дергрурт (644).

Айта кетелік, биылғы маусымда Анастасия Городко 15 рет жеңіс тұғырына көтеріліп, оның 11-де алтын жүлде тағынды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер