ММА

Мария Агапова UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

Мария Агапова UFC ұйымымен келісімшартқа отырды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ММА спортшысы Мария Агапова (8-1) UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы павлодарлық спортшы америкалық промоушнның бір бөлігіне айналды.

Естеріңізге сала кетейік, Агапова ММА спортында 2015 жылы тамызда дебют жасады, осы уақыт аралығында 8-1 рекордына қол жеткізген. Өткен шілдеде Мария АҚШ-та Dana White's Contender Series турнирінде жекпе-жекке шықты, онда жеңімпаз UFC-мен келісімшартқа ие болды. Өкінішке орай, содан кейін Трейси Кортестен ұтылды.

Қыркүйек айында Агапова екі рет қатарынан жеңіске жетіп, Invicta FC ұйымында алғашқы қадамын жасады. Осы жылдың ақпан айында Мария Invicta турнирінде өнер көрсетуі керек еді, бірақ жекпе-жектен бірнеше апта бұрын оны көлік қағып кетті. Бүгін спортшы UFC-пен төрт жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырды.

Айта кетелік, Мария Агапова Флоридадағы American Top Team залында жаттығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер