ММА

UFC турнирі Қазақстанның қай қаласында өтетіні белгілі болды

UFC турнирі Қазақстанның қай қаласында өтетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

MMA әлеміндегі ең беделді ұйым UFC-дің (Ultimate Fighting Championship) Қазақстандағы турнирі қай жерде өтуі мүмкін екені белгілі болды.

Бүгін бірнеше қазақстандық және ТМД елдері спортшыларының менеджері Саят Абдрахманов Instagram-парақшасында UFC Қазақстанда 13 маусым күні турнир өткізуді жоспарлап жатқанын жазды.

MMA Fighting басылымының мәліметінше, Fight Night турнирі 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Айта кетейік, UFC-мен Қазақстанның екі спортшысының келісімшарты бар. Ол - Шавкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұлов.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер