Әлем футболы

Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы: Месси мен көрген футболшылардан әлсіз

Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы: Месси мен көрген футболшылардан әлсіз
news-banner7
mobile-news-top

Аргентина құрамасы мен «Бока Хуниорс» командасының бұрынғы қақпашысы Уго Гатти «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиді өткеннің ұлы ойыншыларымен салыстырды.

«Ол мен көрген футболшылардан әлдеқайда әлсіз. Тіпті, жоғары дәрежелі футболшылардың тізіміне кірмейді.

Менің заманымда Пеле ең мықтысы болды. Одан кейін Альфредо Ди Стефано. Қалғандары әлдеқайда артта қалған. Роналдиньоның өзі бабында болғанда Мессиден мықты.

«Бока» мен Аргентина құрамасында Марадоннамен бірге ойнадым. Диего мықтырақ, оған сөз таластырудың қажеті жоқ. Месси одан мықты емес.

Диего маңызды ойындарда өзін жоғалтпай, нәтиже әкеле алды. Ал Мессидің қолынан бұл келмейді», – деді Гатти El Chiringuito арнасына берген сұхбатында.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер