Дмитрий Шомко: Михал Билек талап қоя білетін тәжірибелі маман

Дмитрий Шомко: Михал Билек талап қоя білетін тәжірибелі маман
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко 2020 жылғы ҚР Суперкубогында «Қайсармен» өтетін ойын қарсаңында Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметінің сауалдарына жауап берді.

- «Астананың» жаңа футбол маусымына дайындығы қалай болды? Елордалық ұжым жаңа белестерді бағындыруға дайын ба?

- Толыққанды екі оқу-жаттығу жиынын өткізіп, мықты қарсыластармен жолдастық ойындар өткіздік. Барлығы жоспарға сәйкес жүргізілді. Жаңа маусымға дайынбыз. «Астана» командасы әрқашан алдына биік мақсат қойып, жоғары талаптарды орындауға дайын.

- Жаңа бапкер Михал Билектің жұмысынан қандай әсер алдыңыз?

- Футболшылардың басым бөлігі Михал Билектің өткен маусымдағы Қазақстан Ұлттық құрамасындағы жұмысын жақсы біледі. Сол себепті оның әдістері мен талаптарын шамамен түсіне бастады. Билек – өте тәжірибелі бапкер. Командамен жақсы тіл табыса алды. Алайда, тәртіп пен жаттығу жағынан қатты талап қоя білетін маман.

- «Астананың» жаңа ойыншылары туралы не ойлайсыз? Оларға көмек көрсеттіңіздер ме?

- Біздің командада өте жақсы ұжым қалыптасқан. Сол себепті жаңа ойыншылар үшін ешқандай мәселе болмауы тиіс. Макс Эбонг пен Тигран Барсегян адамгершілігі мол жақсы футболшылар. Олар клубтың алға қойған мақсатын орындауға көмектеседі деп сенемін.

- Қазақстан Суперкубогының төрт мәрте иегерісіз. Ең есте қалған қай ойын?

- Әр жүлде, әр ойын – жаңа тарих. Кез келген кәсіпқой спортшы жеңіске жетіп, кубокты көкке көтеруді мақсат тұтады.

- «Қайсармен» өтетін кездесу алдында команданың көңіл-күйі қалай?

- Команда маусымға тыңғылықты жаттығу жүргізіп, Қазақстан Суперкубогы ойынына толықтай дайын. «Астана» командасы өз ойынын көрсетсе, жеңіске жете алады. Стойчо Младенов жаттықтыратын «Қайсардың» да осал қарсылас емес екенін айта кеткен жөн. Өткен маусымда өз деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдей алған болатын. Олардың құрамы өзгерді. Алайда, барлығымызды қызықты ойын күтіп тұрғаны анық.

- Суперкубок ойынынан «Астана» жанкүйерлері не күтеді?

- Ауа-райы мен арақашықтыққа қарамастан Қостанай қаласында қолдаусыз қалмаймыз деп үміттенемін. Жанкүйерлерді ойында күтеміз. Оларға жеңіс сыйлау үшін бар күшімізді саламыз!

Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер