Теннис

Рыбакина Дохадағы турнирден неге шығып қалды

Рыбакина Дохадағы турнирден неге шығып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Елена Рыбакина Дохада (Катар) өтіп жатқан Qatar Total Open турнирінің 1/8 финалында ойнай алмайды. Оған спортшының жарақаты, дәлірек айтқанда, аяқ бұлшықетінің созылуы себеп болды, деп хабарлайды Prosports.kz WTAtennis.com сайтына сілтеме жасап.

Екінші турда бельгиялық Элисон ван Эйтванкты жеңгеннен кейін Елена: «Әрине, өкінішті, бірақ мен Дохадағы турнирді жалғастыра алмаймын. Менің аяғымда жарақат болғандықтан, тәуекел еткім келмейді, өйткені одан сайын асқындырып алуым мүмкін. Келесі жылы міндетті түрде келемін, қолдауларыңызға рахмет!», деп күтпеген жерден мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетейік, ширек финалға шығу үшін Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы австралиялық Эшли Бартимен ойнауы тиіс еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер