Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева «Мұзайдындағы чемпиондар» шоуына қатысады

Элизабет Тұрсынбаева «Мұзайдындағы чемпиондар» шоуына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ресейде өтетін «Мұзайдындағы чемпиондар» шоуына қатысады.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 25 сәуір күні Краснодар қаласындағы Ice Palace сарайында өнер көрсетеді. Элизабет Тұрсынбаевадан бөлек мұзайдынға Олимпиада чемпионы Алина Загитов, жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы Александра Трусов, Еуропа чемпионы және Гран-при финалының жеңімпазы Алена Косторная және Ресейдің екі дүркін чемпионы Анна Щербакова шығады.

Сондай-ақ Этери Тутберидзе баптайтын спортшылар Ресейдің Қазан, Пермь және Санкт-Петербург қалаларында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер