Әлем футболы

Эль-Класикоға төрешілер тағайындалды

Эль-Класикоға төрешілер тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

1 наурызда өтетін Эль-Класикоға қазылық жасайтын төрешілер тобы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Ла Лиганың 26-туры аясында өтетін «Реал Мадрид» пен «Барселона» арасындағы кездесуге Антонио Матеу Лаос төрелік етпекші.

Бұл төреші бұған дейін Эль-Класикода төрт мәрте қызмет атқарған. Оның ішінде ең есте қаларлығы - 2014 жылғы Испания кубогының финалдық матчы еді. Ол ойында «Реал» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, «Реал» - «Барселона» матчы Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді. Ойын 1 наурыздан 2 наурызға қараған түні елорда уақытымен 02:00-де басталады.

裁判安排

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер