Басқа

Ақтоты Райымқұлова бұқаралық спортты дамыту туралы айтты

Ақтоты Райымқұлова бұқаралық спортты дамыту туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндама жасады.

Министр баяндамасында «Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберіндегі бұқаралық спортты дамыту шаралары туралы» есеп жобасын ұсынды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бұқаралық спорт және оның 2020-2025 жылдарға арналған дамуы болды.

Министрдің айтуынша, спортты дамыту және спортпен шұғылдануға қол жетімділікті арттыру мақсатында медициналық-физикалық диспансерлер үшін жастар клубтарының желісін кеңейту қарастырылған.

Сонымен қатар, дене шынықтыру және сыныптан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін мұғалімдерге 100% қосымша төлем қажет.

Сондай-ақ, білім берудің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлерін енгізу жоспарлануда. Сонымен қатара, оқушылар арасында дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау арқылы спорттық жарыстар санын көбейту жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер