Маевский: Маусымды жеңіспен бастағымыз келеді

Маевский: Маусымды жеңіспен бастағымыз келеді
news-banner7
mobile-news-top
Жаңа маусымға дайындық жұмыстары соңына жақындап келеді. «Астана» жақын күндері Қостанайға аттанып, ол жақта 29 ақпан күні Қазақстан Суперкубогы аясында «Қайсарға» қарсы кездесу өткізеді.

Осы орайда елорда командасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский маусымға дайындық, әрі алдағы ойын туралы өз пікірімен бөлісті:

- Дайындық барысы қалыпты жағдайда өтуде. Маусым барысында өзімізді жақсы жағдайда сезіну үшін, үлкен көлемдегі жұмыс атқардық.

- Жақын күндері жаңа маусым, әрі Қазақстан Суперкубогы үшін өтетеін ойын. «Қайсарға» қарсы кездесуден не күтесіз?

- Кубок аясындағы кездесулер ешқашан оңай болған емес. Бір кездесуде кез келген команда жеңіске жетуге қауқарлы. Сондықтан, бізді қиын кездесу күтіп тұр. Алайда, біз өзімізге тән ойын үлгісін көрсетер болсақ, Суперкубокты жеңіп алу қолымыздан келеді. Біз маусымды жеңіспен бастап, осы арқылы жанкүйерлерімізді қуанту үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.
Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер