Қысқы

Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогы өтеді

Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогы өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 25 ақпан күні Нұр-Сұлтанда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының кубогі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып.

Аталған додаға Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 82 спортшы қатысады. Олардың ішінде ел біріншілігінде жүлдегер аталғандар мен жас спортшылар мұз айдынына шығады.

Жарыста халықаралық дәрежедегі алты төреші төрелік етіп, бақылайды.

Жылдың басты бәсекесінің бірі саналатын Қазақстан кубогі Нұр-Cұлтан қаласындағы «Алау» мұз сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер