Түркістанда волейболдан чемпионат өтті

Түркістанда волейболдан чемпионат өтті
news-banner7
mobile-news-top

Түркістандағы Балуан Шолақ спорт кешенінде волейболдан облыстық чемпионат өтті. Тартысты өткен бәсекеге өңірдің барлық аудан-қалаларынан командалар жиналып, бақтарын сынады.

Жасөспірім ұлдар арасында өткен жарыс бұл жолы Жеңістің 75 жылдығына арналды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайысқа жалпы саны 21 командақұрамында 300-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев арнайы қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, бұл жарыс бұқаралық спортты өңірде дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды нашақорлықтан қорғау мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті. Чемпионатта спортшылар екі жас ерекшеліктері бойынша бақтарын сынап, өзара жеңімпаздарды анықтады.

2003-2004 жылы туған жастар арасында жүлделі үшінші орынды Түркістан қаласының волейболшылары иеленді. Ал, екінші орын шардаралықтарға бұйырды. Сайрам ауданының өрендері қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынға тұрақтады.

Жарыстың көркін қыздырған ойын 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті. Бұл жас ерекшелігінде Шардара ауданының спортшылары ешкімге дес бермеді. Жүлделі екінші және үшінші орындарды Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданының волейболшылары өзара бөлісті. Енді жеңімпаз атанған командалар Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер