Теннис

ATP мен WTA рейтингтерін жаңартты. Қазақстандықтар нешінші орында

ATP мен WTA рейтингтерін жаңартты. Қазақстандықтар нешінші орында
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіби теннисшілер қауымастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты деп жазады Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы тізімде Қазақстан сапынан ең жоғары тұрған Александр Бублик. Ол сегіз сатыға көтеріліп, 47-ші орынға тұрақтады Михаил Кукушкин бірден 20 сатыға төмен сырғып, 89-шы орыннан көрінді. Әлемдік рейтинг көш басында сербиялық Новак Джокович келеді. Екінші орында Рафаэль Надаль (Испания), үшінші орында Роджер Федерер (Швейцария). Қазақстан тарихында алғаш рет Елена Рыбакина әйелдер арасындағы рейтингте 17-і орынға көтерілді. Юлия Путинцева 32-ші, Зарина Дияс 61-ші сатыда. Әйелдер рейтингінде австралиялық Эшли Барти бірінші орында тұр. Екінші орында румыниялық Симона Халеп, үшінші сатыға чехиялық Каролина Плишкова жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер